16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті.

Аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.Жайдарман ойнағандардың далада қалғаны жоқ. Бәрі өмірден өз орнын тауып жатыр. Жастарды көпшілік алдында қысылмауға, өзін-өзі дұрыс ұстуға, сөйлеу  мәдениетін қалыптастыруға, интелектуалдық деңгейін көтеруге атсалыссақ деген оймыз бар. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Кейде тұрпайылау әзілдер шығып кетіп жатады. Алайда қазір тәртіпті күшейттік. Сауатты, ой салар әзілдердің шығуына жағдай жасаймыз. Ал, жайдарманды халыққа танылсам, қыздардың көзіне түссем деген теріс пиғылда пайдаланатындардың сахнадағы ғұмыры қысқа болары анық. Бізден көптеген спортшылар, әншілер, заңгерлер түлеп шықты. Бәрі де әр қиырда өз ісімен айналысуда. Ешқандай да теріс әрекеттерге барып жатқан жоқпыз. Жайдарман – жастық шаққа тән ойын. Достыққа үндейді. Ел көріп, жер көріп, сонау батыстағы мен шығыстағы жайдарманшылар дос болып кетті.

Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, бүгін финалдық кезеңге жолдама алған 6 команда яғни, «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары өнер көрсетті.
Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті. Атап айтқанда: «Ақбұлақ» және «NO COMMENTS» командалары, «Тамыр» және «Бәрекелді кірпі» командалары, «Абырой» және «Төлеби» командалары.
Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, ІІ орын — «Бәрекелді кірпі» командасы, ІІІ орын — «NO COMMENTS» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.

Ұқсас ақпараттар

КОМПЛАЕНС МАМАНЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕК

smarttop

ШЫМКЕНТ: АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР БАР

smarttop

Еңбекші ауданы әкімінің есебі

smarttop

Пікір қалдыру