13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАРДЫҢ КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АРТУЫ

Шымкенттегі «Достық үйінде» бүгін бие байлап, қымыз сапыруды кәсіп еткен азаматтар өзара сайысқа түсіп, ұлттық сусынды даярлау әдісі мен тәсілдері бойынша мықтыларын анықтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде өткен «Қымыз – Ұлы даланың ұлы қазынасы» іс-шарасының ерекшелігі сол, қазақтың ұлттық сусынын даярлауда тек этнос өкілдерінің мүшелері бақ сынады.Қазақтың ұлттық сусындары көбіне сүттен дайындалған. Арасында дәнді-дақылдардан жасалатындары да бар. Ал ең бастысы ұлттық сусынның денсаулыққа пайдасы өте мол. Назарларыңызға халқымыздың ұлттық сусындары мен оның денсаулыққа пайдасы жайлы мәліметтерді ұсынамыз.

Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезіміне, рухани болмысына, тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, мәдениеті мен өнерінің тұтас бөлігіне айналып кеткен киелі жануар екені белгілі. Қазақ баласының Қамбарата түлігін төресіндей көретіні соншалықты, оны бүткіл болмысына, жан дүниесіне балап, теліген.Қазақтың ұлттық сусындары көбіне сүттен дайындалған. Арасында дәнді-дақылдардан жасалатындары да бар. Ал ең бастысы ұлттық сусынның денсаулыққа пайдасы өте мол. Назарларыңызға халқымыздың ұлттық сусындары мен оның денсаулыққа пайдасы жайлы мәліметтерді ұсынамыз.

Қазақтың қадір тұтқан құндылығын өміріне шырақ, тіршілігіне арқау еткен азаматтар, оның ішінде этностық топ өкілдері арамыздан көптеп табылуда. Мақсат – қазақтың танымын, халқымыздың киелі құндылықтарын көпшілікке дәріптеу, олардың біріктірушілік әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстан халқын мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру.
Байқаудың қазылар алқасына кіл мықтының ішінен нағыз мықтыны анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен, ұсынған қымызының даярлау әдісін, қымыз түрлері жөнінде кең мағлұмат берген азаматтар жоба жеңімпаздары болып танылды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК

smarttop

2024 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 590 792 Ш.М. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: БАРИАТРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ ДАМУДА

smarttop

Пікір қалдыру