16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ» МЕКТЕБІ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде психологиялық кездесу өтті.
Жобаның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында жастарға зорлық-зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру. Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғау.
Кездесуге психолог Хамидуллаева Айгерим, терапевт Утемисова Жанат, Qamqor емханасының гинеколог Есқараева Замира, Жастар ресурстық орталығы психолог маманы Айда Қалдыбай және Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері қатысты. Қыздардың психологиялық сауаттылығын арттырып, өмірге деген қызығушылығын ояту. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы. Осы қасиеттерді қыздардың бойына сіңіріп психологиялық көмек көрсету бағыттанда өзара еркін пікір алмасып, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді. Басқосуда ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Аталмыш шара барысында сала мамандары жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында өзіне қол жұмсау аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтылып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

276-ОРАМҒА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ БЕРІЛДІ

smarttop

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАЛУДА

smarttop

«ӘКІМ КУБОГІ» ҮШІН БАҚ СЫНАМАҚ

smarttop

Пікір қалдыру