Smarttop.kz

«Оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп» тұрғынды алдаған келіншек анықталды

Түркістан ҚПБ-на арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы 2021 жылдың ақпан айында «оқу орнына грантқа түсіріп беремін» деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеді.
Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау қаласының тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп 4 000 000 теңгені алған ер азамат анықталды

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

smarttop

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер! «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!

smarttop

Пікір қалдыру