Smarttop.kz

«Оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп» тұрғынды алдаған келіншек анықталды

Түркістан ҚПБ-на арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы 2021 жылдың ақпан айында «оқу орнына грантқа түсіріп беремін» деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеді.
Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау қаласының тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 153 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ЖАСТАР ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН СОҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

smarttop

Пікір қалдыру