3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

Басқарма басшысы жаңа брифинг алаңының іске қосылғанын, брифинг орталығы кең залда, заманауи жабдықталғанын және алдағы уақытта журналистер үшін кез-келген уақытта жиналып пікір алмасатын ашық алаңға айналатынын айтып өтті.

Сондай-ақ басқармасының 2022 жылы атқарылған жұмыстары мен қаладағы ең өзекті мәселелермен, қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша жұмыстарына тоқталды.

Еліміз үшін тұрақтылық бірінші кезекте тұрғанын, қазіргі уақытта қалада қоғамдық-саяси жағдай тұрақты және орта мерзімді перспективаға оң болжамдалатынын айтты

Мұнан өзге мемлекеттік ақпараттық саясатты 8 телеарна, 1 радио, 24 газет  және 44 интернет-ресурстармен жүргізілетінін, жыл басынан республикалық және жергілікті БАҚ-та  61 327 мыңнан астам,  әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) –  93 853 түрлі бағыттағы материал жарияланғанына тоқталып өтті.

Оның ішінде телеарналарда – 21 516 (республикалық – 235), мерзімді басылымдарда – 13 731 (республикалық – 536), интернет-ресурстарда – 26 080 (республикалық — 716), материалдар жарияланған.

Бұдан өзге жергілікті телеарналарда қоғамдық-саяси бағыттарға арналған 12 тақырыпта – 282 телебағдарлама, «Арнайы шығарылым» айдарымен қаланың инфрақұрылымы мен қаланың тыныс-тіршілігі туралы 816 сюжет шығарылды.

Аудан әкімдері және салалық басқарма басшыларының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тұрғындарға хабардар ету мақсатында жыл басынан – 146 баспасөз брифингі және 99 баспасөз туры ұйымдастырылды.

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрғындардың түрлі салаларға қатысты жарияланған өзекті мәселелеріне бойынша тұрғындардың 5 389 өтінішінің әкімдік басқармалары мен аудан әкімдіктеріне қатысты 4 596-ы жедел жолданып, оның ішінде 70 пайыздан астамы дер кезінде шешімін тапты.

Шымкент қаласында 14-29 жас аралығындағы 245 178 жас бар. Бұл — қала тұрғындарының  21,7% құрайды (Абай ауданы – 67 435 жас, Әл-Фараби ауданы – 47 323 жас, Еңбекші ауданы – 70 393 жас, Қаратау ауданы – 60 027 жас).

Қалада 8 жоғары оқу орнында 75 мыңнан астам студент 290-ға жуық мамандық бойынша білім алуда.

Жыл басынан бері 32 000 жуық жасқа аудандық жастар ресурстық орталықтары қызмет көрсетті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 380 іс-шара ұйымдастырылып, оған 160 мыңға жуық жас қамтылды.

Ұқсас ақпараттар

«ЕЛ БОЛУҒА ҰМТЫЛҒАН ЕР МІНЕЗІМІЗ БЕН БАТЫЛ БОЛМЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕМІСІ»

smarttop

КІТАП ОҚУДАН ТЫЙЫЛСАҚ…

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру