0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕСІГІНЕ ДЕЙІН ТАРТЫЛДЫ

Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы биыл, жаз айларында басталған. Осы кезге дейін 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды.
Одан бөлек тұрғындардың сұранысы бойынша жобада қарастырылмаған көшелерге де қосымша әр 3 үйдің тұсынан электр бағаналары орнатылуда.
Қазіргі уақытта құрылысы аяқталған аумақтардағы тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 365 үй сапалы электр қуатын тұтынып отыр.
Жалпы Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы желтоқсанның 10-на дейін толық аяқталады. Енді мұнда тәулік бойы мамандар кезекшілікте тұрып, энергияның таралуын қадағалайды. Станция жұмысының көбісі автоматтандырылған. Кешеннің іске қосылуымен Асар-2 шағынауданындағы 2765 абонентке сапалы электр қуаты беріле бастады. Бүгінгі таңда мұндағы ішкі орамдық көшелерге 87 шақырымнан асатын электр желісі тартылып, 24 трансформатор орнатылған.
«1-М-1» қосалқы электр станциясынан жарық көзі, Асар-2 шағынауданымен қоса, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ және Достық шағынаудандарына таралады. Бұл аудандарға сапалы электр энергиясы ішкі орамдық желілер құрылысы аяқталғаннан кейін беріледі», деді энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.
Бұл жобаның құрылысы 2019 жылы басталып, тиісті жұмыстарды «Электромонтаж» АҚ жүргізген. Заманауи электр құралдарымен жабдықталған кешеннің өндірістік қуаты – 110 кВ, энергияны «Бозарық» қосалқы станциясынан алады.
Айта кетейік, бұл дер кезіндегі жаңалық болды. Себебі, қазіргі таңда Қазақстан бойынша электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Нақты айтқанда еліміздің 17 өңірінің тек үшеуінде ғана жарық қуаты жеткілікті болса, қалған аймақтарда жарық жиі сөніп, абоненттерге кезекпен беріліп келген болатын. Әсіресе, мұндай келеңсіздік қараша айының басында Шымкенттегі шағынаудандарда жиі болды. Жауапты мамандар мұны электр энергиясын қолдану мөлшерінің күрт артуымен түсіндіреді.
Айта кететін жайт, мердігер мекеме электр желісін тұрғындар есігінің алдына дейін жеткізіп берді. Оны ары қарай үйге қосып, жалғап алу әр тұрғынның өз есебінен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» пен «Энергопоток» мекемелері абоненттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс толықтай аяқталғанда, Достықтағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Сонда тариф құны да арзандайды. Тұрғындар бүгінгі күнге дейін электр қуатын тұтынғаны үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасап келсе, бұдан былай 17,9 теңге төлейтін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР ЖАҢАРАДЫ

smarttop

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ МЕГАПОЛИС СӘУЛЕТІНЕ САЙ БОЙ КӨТЕРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 3 ОРЫНҒА СУҒА ШОМЫЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру