Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Миф сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Басқосудың мақсаты — жаңартылған оқу мазмұнына көшу. Жаңартылған стандарттың айырмашылығы функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағдарлау. Семинарға Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, қосымша білім беру мекемелерінің математика, физика және информатика пәнінің мұғалімдері, ОҚМПУ профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық.
— Қазақстандық білім берудің даму тенденциялары – қазіргі заманғы мектеп моделін қалыптастыру, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейінің сәйкестігін, болып жатқан өзгерістерге жылдам жауап беруді, жақын болашақта табысқа жетудің кілті болатын кәсіби қызметтің сипаттамаларын дұрыс анықтай білуді талап етеді. Ғылыми-әдістемелік семинар алаңы мектепте математика, физика және информатиканы оқыту бойынша пікірталастық талқылау және сындарлы тәжірибе алмасу барысында шешім қабылдауға, әдістемелік тұрғыдан ойластырылған білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді,– деді ОҚМПУ «Физика-математика» факультетінің деканы Альмира Ибашова.⠀
Секцияда математика, физика және информатика бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыру барысындағы өзекті тақырыптар мен оқытуды тиімді ұйымдастыру туралы баяндамалар ұсынылды. Білім беру қызметінде цифрлық өнімдерді пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты мәселелер қозғалды. ⠀
Пленарлық отырыста секциялардың нәтижесіне қорытынды жасай отырып, барлық мұғалімдер мен студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат берілді.
«Шымкент келбеті»