3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артқаны байқалады. Еліміз бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы біраз уақыттан бері оң көрсеткішке ие болуда. Мәселен, таяуда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасаған болатын. Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.

Екіншісі жоғарыда айтылған түркиялық «Milat Hali» ЖШС басшысы Искандер Каплан «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 2,5 га жерге кілем өндіретін зауыт құрылысын салуды ұсынды. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба жылына 5 млн ш/м кілем өндіруді көздейді. Аталған жоба арқылы жұмыссыз жүрген 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыс табатын болады;«Элмехмонтаж» ЖШС басшысы Қанатбеков Ержан құрылысқа арналған газоблоктар шығаратын зауыттың жобасын ұсынды. Жылына 60 мың м3 блок шығаратын қуатты өндіріс ошағын «Жұлдыз » индустриалды аймағынан салуды жоспарлауда. Жобаның құны 500 млн теңге болмақ. Нысан құрылысы 2023 жылы салынып, сәтті жүзеге асса 20 азамат жұмыспен қамтылатын болады.Штаб отырысында бұдан басқа құрамалы контейнер өндіретін, терезе рамаларын жасап шығаратын және сантехникалық жиһаздар мен архитектуралық формалар өндіретін инвестициялық жобалар қаралды. Аталған 3 жоба да жүзеге асса қаламызға тағы да қосымша 1 млрд 200 млн теңге инвестиция тартылып, 75 жұмыс орны ашылатын болады.

Мұрат Дүйсенбекұлы ZOOM бейнеконференциялық байланыс арқылы жобалардың әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.

Қала экономикасының өсіміне оң ықпал ететін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағы бір сала – ауылшаруашылық саласы. Шымкент ірі қала болып саналғанымен, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді де жолға қойған. Әсіресе жылыжай шаруашылығы жақсы дамып келеді. Соның бірі – «Аянат» шаруа қожалығы.

Таяуда ғана Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында орналасқан 2022 жылы аумағы кеңейіп, модернизациядан өткен осы «Аянат» шаруа қожалығына барған болатын.

Ерте көктем және қыс айларында көкөніс өнімдеріне деген қажеттіліктің орнын толтыру және қияр қызанақ өнімдерінің осы маусым аралық кезеңдерде бағасының шарықтап кетпеуінің алдын алу мақсатында, мемлекет тарапынан қолдаулар қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жылына 500-600 тонна қызанақ өсірілуде. Жалпы аумағы 4 гектарды құрайды. 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 259 ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША 629 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛЫП, ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

ДӘСТҮРЛЕР ДӘРІПТЕЛГЕН ФЕСТИВАЛЬ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру