9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАЛПЫ ТУРИСТТІК БАҒЫТТАР

Туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленді. Жобаға сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс, көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою қарастырылған. Жобамен танысып, Өзіңіз қолдау білдірген жағдайда, құзырлы басқармалармен және аудан әкімдігімен тиісті жұмыстарды жүргізетін боламыз.

Жалпы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 4 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді:

1) Туристік инфрақұрылымды дамыту;

2) Маркетингтік ілгерілету;

3) Креативті индустрия;

4) Сыртқы байланыстарды нығайту.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы туристік ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 4 – дана туристік табло-стенд орналастыруды бастадық. Стенд – табло тұрғын алабтағы барлық тарихи-мәдени және сакралды нысандарға жол сілтейтін болады. Жоба ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін орналастырылады.

р/с

Ескерткіштің атауы Ескерткіштің түрі Орналасқан жері
1 2 3 4
Шымкент қаласы (Сайрам тұрғын алабы)
1 Абдель-Азиз баб,

ХІХ ғ ортасы.

 

қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының солтүстік шетінде, ескі мазарат орталығында орналасқан.
2 Ибрагим-ата кесенесі,

ХҮІІ-ХХ ғғ.

 

қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, Ақ-су жолының оң жағасында орналасқан.
3 Қожа Талих кесенесі, ХІХ ғ. қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының орталығында орналасқан.
4 Мірәлі баб кесенесі,

ХІХ ғ. Аяғы

 

қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының орталығында, ескі мазарат ішінде орналасқан.
5 Қарашаш ана кесенесі,

ХҮІІІ ғ.

қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының орталығында, мазарат ішінде орналасқан.
 6 Қызыр мұнарасы,

ХІХ ғ.

 

қала құрылысы және сәулет Сайрам ауылының шығыс шетінде
 7 Сайрам қалашығы (Исфиджаб),

ҮІІІ-ХҮІІ ғғ.

 

археология Сайрам ауылында, Сайрам-су өзенінің оң жағасында орналасқан.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК 20 ЖАС «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАСС-МЕДИАНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫН АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру