2021 жылдың қаңтар айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі және Сіздің тарапыңыздан «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» бекітілген.
Жалпы, 29 іс-шараның ішінде 10 іс-шара орындалып, қалғандары орындалу барысында (7-9 слайдтар).
Жол картасы аясында:
— Көгалдандыру үшін аумағы 396 және 100 га жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді алынды;
— Жасыл желектерге төлқұжаттар ресімделді (9 саябақ, 39гүлзар);
— Жасыл желектер аумағын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді;
— 590 газ отынымен жүретін автобустар сатып алынды;
— Бей-берекет қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізілді;
— Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 3 карьерлерінің аумағы қалпына келтірілді.
Анықтама үшін.Орындалуда:
- Қала аумағын газдандыру;
- Көгалдандыру және жасыл екпелерді егу;
- Таксопарктерді газға ауыстыру;
- Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру;
— Ірі кәсіпорындарында ластаушы заттардың автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу.
Анықтама үшін. Белгіленген мерзіміне байланысты орындалмағандар:
1) Шымкент қаласының жел бағыттарының режиміне зерттеу жүргізу (ҚЖОДБ),
2) жел бағытын ескере отырып Шымкент қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру ережелеріне өзгеріс енгізу (СҚжЖҚБ),
3) Бас жоспарға жел бағытына байланыста өзгерістер енгізу(СҚжЖҚБ),
4) Қоғамдық пікірді ескере отырып, жасыл екпелерді кесуге рұқсат беру тәртібін жетілдіру және ағаш талдарды кескені үшін компенсациялық кесу механизмін реттеу (ҚЖОДБ),
5) Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жөнінде хабар бергені үшін тұрғындарды ынталандыру механизмін енгізу мәселесін пысықтау(ҚЖОДБ),
6) Қошқарата өзенінің жағалауын 2 кезеңмен абаттандыру(ЭжКШБ, кейіннен ҚЖОДБ),
7) Құрылыс қалдықтарын түзілу нормаларын әзірлеу және бекіту (Министрлік),
8) Құрылыс қалдықтарымен жұмыс істеудің орталықтандырылған жүйесін әзірлеу (Министрлік).
9) Тұрғындардан жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен медициналық қалдықтарды орталықтандырылған түрде жинау тәртібін әзірлеу және осы қалдықтар үшін контейнерлерді орнату (ҚЖОДБ),
10) қолданылған электршамдар, аккумулятор батареялары, термометрлер үшін орталықтандырылған түрде жинау тәртібін әзірлеу және осы қалдықтар үшін контейнерлерді орнату (ҚЖОДБ),
11) Ауыз суды басқа мақсаттарға (автомобиль жуу орындарында, өндірістерде) пайдалануға заңнамалық шектеулер енгізу немесе су жетіспейтін аймақтарда айналмалы су жүйесін орнатуды міндетті түрде енгізу (Министрлік).
Жол картасындағы іс-шаралар бойынша жауапты орындаушылар: Қалалық жайлы ортаны дамыту, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары бекітілген.
Жалпы айтқанда, талдау нәтижесінде қала бойынша төмендегі экологиялық проблемалар бар (