9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТР БАСПАСӨЗ БРИФИНГІН БЕРДІ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз брифингін берді.
Брифинг барысында вице-министр Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлары министірілігінің өткен бір жылын қортындылап, журналистердің Екібастұздағы төтенше жағдай туралы сұрақтарына жауап берді.
«Екібастұздағы жағдайға тоқталар болсақ, дәл қазіргі уақытта министірліктің арнайы жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын атқаруда. Сонымен қатар мемілекеттік органдар, қалалар мен облыстар жалпы халық болып жұмылып жатыр. Бүгінгі таңда жылу берілді, тек жекелеген тұрғын үй секторларының жылу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, алдағы уақытта ол мәселе де өз шешімін табады. Бұл жағдайды президент әкімшілгі өз бақылауына алып, арнайы комиссия құрылды. Орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, алдағы уақытта бұндай жағдай қайталанбау үшін қабылданған шаралардың тиімділігі бойынша жұмыстар жүргізуде»,-деді ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев ҚР аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша айтып өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою болып табылады. Жыл сайын бүкіл республика аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені өткізіліп отырады. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда биыл Министрліктің жекелеген көрсеткіштерінің төмендеуі алдын ала байқалуда.
«Екібастұз қаласында орын алған жағдайды ескере отырып, әкімдіктерге қала мекемелерінің жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйін бақылау және ықтимал авариялар болған жағдайларда алгоритмдерді пысықтау тапсырылды. Шымкент қаласында шағын аудандардың негізгі бөлігіне табиғи газ жүргізілген, 2025 жылға қарай Шымкент қаласының тұрғындары 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі »,-деді Мадияр Жақсыбаев
Жалпы республика бойынша, шомылу маусымында суда қаза тапқан азаматтардың саны 42%-ға, оның ішінде балалардың саны 31%-ға төмендеген. Орман өрттерінің шамалы ұлғаюына қарамастан биылғы жылы өрт алаңы 37%-ға қысқарған. Жалпы өрт оқиғаларының саны 4%-ға, ал өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны 20%-ға, жарақаттанғандардың саны 36%-ға қысқарған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

АСЫҒЫҢЫЗ, «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІТУІНЕ 4 КҮН ҚАЛДЫ!

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ӨЗЕН — КӨЛДЕ БАЛЫҚ ӨСІРІЛЕДІ

smarttop

Түркістан облысы полицейлеріне жедел кеңес өтті

smarttop

Пікір қалдыру