0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТӘРБИЕ БЕСІКТЕН БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан төрағалық етті.
Комиссия отырысында Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Абдраманов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде баяндама жасады.
— Шымкент қаласы полиция департаменті тарапынан профилактикалық шаралар, арнайы рейдтер ұйымдастырылып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 4333 жасөспірімге қатысты әкімшілік шара қолданылды. Әсіресе, түнгі уақытта, сағат 23.00-ден кейін ата-анасының бақылауынсыз көшеде, түрлі ойын-сауық орталықтарында жүретін жасөспірімдер анықталды.
Небәрі 2 айдың ішінде, яғни, қыркүйек, қазан айларында түнгі уақытта ата-ананың бақылауынсыз көшеге шыққан 658 жасөспірім анықталған. Өкініштісі, оның 300-ден астамы — мектеп оқушысы.
Сондай-ақ, жыл басынан бері ата-анасының рұқсатынсыз үйінен кетіп қала беретін 3 жасөспірім сот шешімімен Тараз қаласындағы арнайы мектепке ауыстырылды. Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамайтын 5 ата-ананың құқығы шектеліп, қадағалаусыз жүрген 195 бала кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылды, — деді Ермахан Әділханұлы.
Е.Абдрамановтың айтуынша, 2022 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 38 пайызға төмендеген. Департамент мамандары кәмелетке толмағандар арасында орын алған әрбір қылмысты зерделей келе, 60 қылмысқа қатысы бар 74 жасөспірімнің 12,2 пайызы мектеп оқушысы, 9,5 пайызы колледж студенті, 78,3 пайызы мектеп бітіргеннен кейін оқуға түспеген және жұмыс істемейтін жасөспірімдер екенін анықтаған.
Шыңғыс Мұқанның айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайғанымен, әлі де алаңдатады. Оқушыларға қатысты немесе оқушылар жасайтын қылмыс әдетте мектептен тыс уақытта болады. Бұл жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты емес, ата-аналары жауап беруге тиіс. Дегенмен мектепте берілген жақсы тәрбие оқушының мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқына әсер етеді. Сондықтан мектеп пен ата-ана ең алдымен балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлгені жөн.
Комиссия отырысында, сондай-ақ, Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне орналастырылу мәселесі бойынша 4 жасөспірімнің жағдайы қаралды. Кәмелетке толмаған балалар мен олардың ата-аналарына қатысты жекелеген мәселе «жабық есік» жағдайында жалғасты.
«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТӨРТ ТҰРҒЫН АЛАПТЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру