Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОС БІРДЕЙ КӘСІПОРЫНЫ «ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

Биыл Шымкент қаласынан «Парыз» сыйлығын ал үшін 23 мекеме өтінім білдірген болатын. Еңбек нарығындағы үздік ұжымдарды анықтау және ынтталандыруды көздейтін байқау — «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» сынды 5 номинациясы бойынша ұйымдастырылған.
Шымкент қаласының қос бірдей кәсіпорыны, яғни «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і — «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша, алтын «Парыз» сыйлығын иеленсе, «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС-і – «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша, күміс «Парыз» сыйлығына ие болды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» сыйлығына екі бірдей Шымкенттік мекеменің ие болуы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуметінің жоғары екендігін айғақтайды.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: 7 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП ЕСЕП БЕРДІ

smarttop

Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру