22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІН ТАҢДАЙТЫНДАР САНЫ АРТҚАН

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жоғары медицина колледжі – Қазақстандағы орта медициналық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көне оқу орындардың бірі болып табылады.
2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 424 білім алушыға артты. Оның 45 %-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды құрайды.
Аталған білім ордасында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттердің жан басына мемлекет есебінен киім-кешекке жылына 199 700 теңге, бітіруші түлектерге 288 800 теңге, тамақтануға күніне 1 500 теңге қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 20 бала күнделікті ыстық тамақпен және ай сайынғы 30% үстемесі бар шәкіртақымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, колледжде барлығы 2096 студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 940 студент, келісім-шарт негізінде 1156 студент білім алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Әлеуметтік желіде тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған генерал Мұрат Қабденов алғыс алды

smarttop

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН КЕМШІЛІКТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру