16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Абай ауданында инфрақұрылым мәселелері 2024 жылы толығымен шешіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді.
— Абай ауданының аумағы 24 мың гектарды алып жатыр. Ауданға қарасты 27 шағынаудан мен елді мекенде 257,7 мың тұрғын бар. Аудандағы 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 92,2% құрап отыр. Ал, 92,5 пайызы сапалы электр көзімен қамтылған. Сондай-ақ, 20 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін 3 елді мекенді, яғни Асар-2, Қайнарбұлақ, Нұршуақ тұрғын алаптарын табиғи газбен қамту жоспарланған. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендеріне газ құбыры жүргізіліп, қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді,- деді аудан әкімі.
Жаңа мектептер 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000 немесе 2 500 орын­дық деп белгіленген жеті түрлі нұс­қаның біріне сай салынуы қажет. Олардың әрқайсысында роботтехника кабинеті, бірнеше зертхана, ауданы 88 шаршы метр болатын хореография залы, үш коворкинг алаңы (бастауыш сынып оқушылары, орта сыныптар және мұғалімдер үшін) болуы керек. Сондай-ақ мектептерде бастауыш сыныптары (9х18м) мен орта буын, жоғарғы сынып оқушыларына (36х18м) бөлек спорт залдары болады. Әр сыныпта интерактивті тақта және мұғалімге арналған компьютер қойылады. Жаңа мектептерде ерекше балалар үшін кедергісіз орта құрылуы керек: арнайы пандустар, лифтілер, дәретханалар, инклюзивті білім беру бөлмесі дайындалады. Сонымен қатар интерьер дизайнының бірқатар элементі мен архитектуралық шешімдері ұлттық нақышта жасалуға тиіс, – деді компанияның басқарма төрағасы.
Б.Пармановтың айтуынша, аудан аумағында су басу қауіпі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындары бойынша 2022 жылы 7 мекенжайға жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйе жүргізілген. Ал, 5 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланған. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын 9 көшеге ирригациялық жүйе жүргізу үшін қосымша бюджеттік өтінім берілген.
Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай ауданында 6 мектептің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде мектеп тапшылығын жойып, балалардың сапалы білім алуына септігін тигізбек.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛОРДА КҮНІН ТОЙЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БАС ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру