0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

❇️ Жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Бір ескеретін жайт, арендалық көп­пә­терлі тұрғын үйлерге тұрғын үй бас­қар­масы тарапынан жергілікті құқық қор­ғау органдарының қатысуымен тиіс­ті тексеру жұмыстары жүргізіліп оты­ра­ды. Сондықтан арендалық бас­па­намен қамтылған азаматтар келісім­шарт жа­сас­қан күннен бастап 1 айдың ішінде қо­ныс­тануы, яғни көшіп баруға тиіс. Егер жалға алушы пәтер иесі 6 ай­дың кө­ле­мінде өзіне берілген пәтерде тұр­ма­ған жағ­дайда немесе басқа да арен­да­лық тұр­ғын үйді пайдаланудың талап шарттарын орындамаған жағдайда, оған басқарма та­ра­пынан ескерту тү­рін­дегі хабарлама хаты жолданып, сот арқылы пәтер кері қайтарылады.Осы орайда Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева аптаның әр сәрсенбісі күні азаматтарды жеке қабылдайтынын айтады. Азаматтардың көпшілігі тұрғын үй мәселесі бойынша жеке қабылдауға жазылады. Олардың қатарында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және халықтың әлеу­меттік әлсіз топтары бар. Бұдан бөлек тұрғын үй кезегіне тіркелмеген аза­маттарға да барынша заң аясында тү­сіндіру жұмыстары жүргізіліп, құ­қық­тық көмек көрсетіледі. Басқарма бас­шысы мәлімдегендей, Қазақстан Рес­публикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 және 74-баптарына сәй­кес коммуналдық тұрғын үй қорынан бас­паналар белгіленген тәртіппен кезек реті арқылы беріледі. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда. 🔷 Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге берілетін болады. 🔷 Үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК — тен кем болмауы қажет. 🔷 Бағдарламасы аясында 2020 жылы 904, 2021 жылы 300, былтыр 857 пәтер берілген. Өтініш берудің биылғы кезеңі алдын ала хабарланады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН 410 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 89% ЖОЙЫЛЫП, ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛДІ

smarttop

ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

«SUMMER CAMP-2024» ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру