4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдауына жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдады. Жеке бастарына қатысты мұң-мұқтаждары мен өңірге ортақ әлеуметтік мәселелерді жеткізген тұрғындар аймақ басшысынан сұрақтарына тікелей жауап ала білді.
Кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Облыс басшысы жеке қабылдауға жазылған азаматтарды толғандырған мәселелер заң аясында жүзеге асатынын айтып, жауапты сала басшыларына әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуін тапсырды.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек, жер дауы, экология, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарды көтерді. Баспана сұрап келгендер де болды. Облыс әкімі пәтерлер кезекте тұрғандарға заң аясында ғана кезек тәртібімен берілетінін түсіндірді.
Дархан Сатыбалды қабылдауына келген азаматтардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдады. Кей азаматтар қабылдауға онлайн режимде қатысты. Жеке қабылдауда Түркістан қаласының тұрғыны «Отырар» мөлтек ауданында орналасқан 5 қабатты 36 тұрғын үйлердің газ жүйелерінің жүргізілмегенін жеткізді. Анықталғандай, көпқабатты тұрғын үйлерге табиғи газ жүйесі жүргізіледі. Былтыр бюджеттік өтінім берілген. «Ұлттық қордан» қаржы бөлініп, қазіргі уақытта ашық конкурс жарияланған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айына дейін жоспарланған.
Жер дауына қатысты мәселе көтерген Келес ауданының тұрғынының шағымы бірнеше сотта қаралған. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ортақ жайылымдағы жерлерді аукционға қоюды тоқтатуды тапсырды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауында болған Төлеби ауданының тұрғыны ветеринария мамандары жүктемесін қайта қарастыру мәселесін көтерді. Заңға сәйкес бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіретінде. Ұсыныс орталыққа жолданатын болды. Сондай-ақ ол орталықтанған «Ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК-ны тарату туралы ұсынысын айтты. Бұл қызмет осыдан 2 жыл бұрын облыста пилоттық режимде құрылған.
Бұған дейін ветеринариялық қызмет көрсететін мемелекеттік мекемелер жеке әр ауданда болған. Қазіргі таңда орталықтандырылған мекеме құру арқылы әкімшілік мамандар саны азайтылған. Алайда ауданнан облысқа көшуінің тиімділілігі қосымша талдауды қажет етеді. Аймақ басшысы аталған мәселенің зерттеп-зерделеу қажет екенін айтты.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ШЫНЫ МОЗАЙКАЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

smarttop

МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШҰҒЫЛ ШЕШУ ТАПСЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру