0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Латипша АСАНОВ, Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеяның XXXII сессиясында этносаралық қарым-қатынас саласында атқарылатын ауқымды жұмыстардың басты басымдықтарын айтты. Бейбітшілік пен бірліктің маңыздылығына айрықша тоқталды.
ҚХА Төрағасы өз сөзінде: «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!», деді.Олардың бірі Ахыска түріктері десек қателеспеспіз. Олар кезінде Грузияның Ахыска жерінен Қазақстанға жаппай жер аударылды. Айтпақшы, биыл сол қасіретке толы оқиғаға 75 жыл толып отыр.

Сонау 1944 жылы КСРО  Мемлекеттік қорғаныс комитетінің түрік-ахыска халқын Грузиядан Орта Азия мен Қазақстан жеріне  жедел қоныс аударту туралы қаулысына сәйкес түрік халқының өмірі бір мезете астан-кестен болды. Депортациялық саясаттың кесірінен Қазақ жеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген түрік халқының жан сақтауы тек қазақ халқының бауырмалдылығының арқасында ғана мүмкін болды.

Зорлықпен көшірілген халық қилы заманда қазақ өлкесінен пана ғана емес, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, көпұлтты Қазақстан елінен өзіне лайықты орын тапты.

Жыл сайын Ахыска түріктері Алғыс айту күні қарсаңында ата-бабаларына арнап ас беріп, Құран бағыштайды. Кең құшағын жайған қазақ бауырларына шексіз ризашылықтарын білдіреді.

Бүгінде елімізде болашағын Қазақстанмен байланыстырған әрі өзін осы елдің азаматы санайтын этнос өкілдері ғана қалды. Қалғаны тарихи отанына қоныс аударды.
Біздің заң нормалары ешкімді тіліне, түріне, діни наным-сеніміне қарап қаралауға жол бермейді. Керісінше, барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін сақтап, ұстануға тең мүмкіндік жасалған. Қазақстанның қоғамдық келісім мен жалпыұлтық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаты ТМД елдері аумағындағы тұғыры биік және жан-жақты сараланып, қабылданған саясат екенін естен шығармауымыз қажет.
Бізде бір ғана жол бар – ол берекелі бірлік жолын жалғап, ортақ Отанымыз – Қазақстанның иігілігі үшін еңбек ету. Татулық пен ынтымақ қана бізді ортақ мақсат-мұратқа жеткізеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

smarttop

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

smarttop

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру