22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа жағдайында бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды көздейтін қазақстан экономикасы үшін өзекті болып отыр. Онсыз Қазақстанның нарықтық реформалау жолымен ары қарай жылжуы және оны елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі алғышарты болып, өндірістің нәтижесіне мүдделі және тұрақты жұмыспен қамтылған, жоғары білікті икемді жұмыс күші табылатын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне толыққанды интеграциялау (біріктіру) мүмкін емес.
Қала тұрғындары өздерін алаңдатқан өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Атап айтсақ, жұмыспен қамту, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттен көрсетілетін көмек және қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтарына нақты жауап алды.
Жеке қабылдау қорытындысымен М.Жолдасбеков жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.
Айта кетсек, әр аптаның сәрсенбі күні басқарма басшысы сағат 10.00-де азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді. Қабылдау алдын-ала жазылу тәртібімен, яғни Нұрсат м/а, С.Бәйтереков 89 мекен-жайында өтеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУШЫЛАРҒА ТАПСЫРЫС САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

smarttop

ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ «МУЗЕЙДЕГІ ТҮН» ІС-ШАРАСЫН ТАМАШАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру