0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІНЕ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА КУӘЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне куәліктерін тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Оған Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов қатысты.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын — этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.—Биыл Шымкент қаласынан 24 азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне қабылданды. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Жақында Астана қаласында өткен ХХХІІ сессияда аталған азаматтардың куәліктері берілген болатын. Мемлекет басшысы, Ассамблея төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған куәліктерді Сіздерге салтанатты жағдайда тапсыру үшін бас қосып отырмыз. Алдағы уақытта Сіздермен бірге ел бірлігін нығайту жолында жемісті еңбек етеміз деп сенемін, — деген М.Шотанов жиынға қатысушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады.
Басқарма басшысының қолынан куәлік алған азаматтардың қатарында қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, еңбек ардагерлері мен қалалық мәслихаттың депутаттары бар.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ — БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІГІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСІН ҚАБЫЛДАДЫ

smarttop

Шымкенттік спортшылар топ жарды!

smarttop

Пікір қалдыру