3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІБІН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕТІН КӘСІПОРЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

🔷 Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін «Жұлдыз» және «Тассай» индустриалдық аймағының жұмыстарын таразылаған соң, кезекті рет «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын аралады. Мұнда электр желісі, газ, су және өзге де инженерлі-коммуналды жүйе тартылып қойғандықтан, дайын инфрақұрылым мен қолайлы логистика арқылы нарықта тауар өндірісін қалыптастырып үлгерген кәсіпорындар жұмыс істейді. Дегенмен, өз кәсібін кеңейтемін немесе жаңа жобаны бастаймын деген кәсіпкерлер үшін де экономикалық аймақ қолдау көрсетуге әзір. Қала басшысы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бірқатар кәсіпорын басшыларымен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық  түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі  қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің   әлеуметтік – экономикалық  мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi. Мәселен, «Шабитекс» ЖШС-і әскери және арнайы жұмысшы киімдерін тігумен айналысады. 🔷 Нарықта өз орнын тауып, тігін фабрикасына қажет түрлі техникалық жабдықтармен қамтылған кәсіпорын болашақта жұмыстарын ұлғайту мақсатында жаңа жоба бастап кеткен. Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын басшысының бастамасын қолдап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерге тоқталып өтті. 🔷 Сонымен қатар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңге тұратын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері бюджетке 8,2 млрд. теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасаған. 🔷 Қарқынды жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақта жаңа жобаларды қолға алу жылдам жүріп жатқандықтан аумағы 867 гектарлық қосымша 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Нәтижесінде инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ТЕГІН БАРАДЫ

smarttop

ПОЛИЦЕЙЛЕР АТЫРАУЛЫҚ ҚАЛТА ҰРЫСЫН ҰСТАДЫ

smarttop

ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру