Қаланың көркі саналатын көшелерінің таза әрі түзу болғаны бәрімізге жақсы. Соған орай жыл сайын көшені жөндеу мәселесі назардан тыс қалған емес. Бұл игі іс биыл да жалғасын табады.
Еңбекші ауданындағы 702 көшенің 15-і магистралдық, 596-сы ішкі орамдық көшелер. Оның ішінде 437 көше асфальт, 158-і тас жол, 16-сы топырақ жол. Өткен жылы 57 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 132 көше жөнделеді.
2025 жылға дейін ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 174 көше орташа жөндеуден өтеді. Осы жылы сапалы жолмен қамту көрсеткіші 76 пайызға жетеді.
Осы орайда тағы қосып айтар болсақ, Әл-фараби ауданында аяқжолдар сұйық сабынмен жуылды.
Шымкентте Әл-Фараби ауданындағы аймақтарда тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Яғни, аялдамалар мен аяқ жолдар және көше бойындағы кафельдерге механикалық тазарту жұмыстары жасалынып, көшелер сұйық сабынмен жуылды. Сондай-ақ автобус бекеттерінің айналасы тазартылып, көше бойындағы заңсыз жарнамалар алынып тасталынды. Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылып отыр. Айта кетейік, тазарту жұмыстары Байтұрсынов, Момышұлы, Желтоқсан көшелерінде сондай-ақ Тауке хан даңғылында жүзеге асты.
Жаз айларында қаладағы тазалық жұмыстары екі есе қадағалауды талап етеді. Осыған орай бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты адам көп шоғырланатын Арбат саябағы, Тәуке хан, Республика даңғылдарында орналасқан аялдамалар мен аяқжолдарды, қоқыс жәшіктері сұйық сабынмен жуылды. Санитарлық тазалық жұмыстарына 50-ге жуық адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар жууға алдымен сұйық сабын пайдаланылып, содан соң қарапайым сумен шайылды. Тазалық мәдениетін қалыптастыру және санитарлық нормаларды ұстануды тұрғындарға насихаттау мақсатында орталық көшелерде орналасқан дәмхана мен жедел тамақтанатын орындарға механикалық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мұндай қолмен жуу және механикалық тазалау жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі