Қазір қала аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында айтылды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды. «Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды» — деді қала әкімі. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді. Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда. Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар. Сондай-ақ мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі