21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІМЕН ӨЛШЕНЕДІ

🔷 Шымкент қаласы аумағындағы 443 магистральды көше қазір күндіз-түні үздіксіз тазартылады. Қаланың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Тұран және Әл-Фараби аудандарында «Таза өлке» және «ШымкентСпецКомплекс» мердігер мекемелері арқылы арнайы техникалар жұмылдырылған. 🔷 Мәселен, бүгінде екі аудан аумағындағы көшелерді жуу жұмыстарына 29 техника тартылып, жұмыстарын атқаруда. Мердігер мекеменің қызметкерлері екі (күндізгі және түнгі) ауысымда жұмыс істейді. Магистральді көшелердің ағаштарын санитарлық талаптарға сай қырқу, пішіндеу, қураған шөптерін ору, жасыл желектерді күтіп ұстау, суару қызметтері кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы тазалықшы мекемелер мұнтаздай ғып тазалап өткен қоғамдық орындардың, тұрғын үйлер мен аулалар мен көшелердің тазалығын әрі қарай сақтау — тұрғындарымыздың мәдениетімен өлшенеді. 🔷 Сүйікті қаламызды әрдайым таза ұстайық! 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

smarttop

В СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНЕ «ОҢТҮСТІК» ЗАПУСКАЮТСЯ 5 ПРОЕКТОВ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру