Smarttop.kz

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер! «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!

Қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді.

Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.

Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады!

(Мекен-жайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, №89, Байланыс нөмірі: +7 (7252)27-38-35, Шымкент қаласы, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы)

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР АРТАДЫ

smarttop

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 4500-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН АТСАЛЫСТЫ

smarttop

2018-2023 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ШАҺАРДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АСФАЛЬТТАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру