Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» аясындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыру жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.
Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 293 мыңнан астам азаматты құрайды.
Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 13 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде.
2022 жылыдың 1 тоқсанында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 15269 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 267 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 1,8% құрады.
55 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды.
2022 жылыдың 1 тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызмет- 15269, оның ішінде осы кезеңде ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны — 7696 құрады, бұл 50,4%, Электронды үкімет портал және проактивті қызметтер арқылы 7555 іс 49,5% қаралған болса, қалған 18 қызмет түрі 0,1% МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы қызмет көрсетілген.
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 1 сәуірдегі республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақылар республикалық бюджет инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, қайта есептеледі.
— Айлық есептік көрсеткіш(АЕК) – 3 180 теңге;(01.01.2022 жылы 3063т.)
— Ең төменгі зейнетақы– 48 032 теңге;( 01.01.2022 жылы 46 302 т.)
— Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – (ЕТКД) -21 191 теңге; (01.01.2022 жылы 19 450т.)
— Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері– 37 389 теңге;(01.01.2022 жылы 36 018 т.)
— Ең төменгі жалақы — 60 000теңге.(01.01.2022 жылдан өзгеріссіз).
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізу жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді қосымша индекстеу жөніндегі нормалар Заң жобасына қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және төлемдер мөлшеріне 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады.
Осылайша, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жоғары мөлшерде төлеу Заң жобасына қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте сәуірден бастап Заңға қол қойылған айға дейінгі өткен төлемдер қайта есептеледі, ал тиісті қосымша төлемдер кезекті зейнетақы немесе жәрдемақы төлеумен жүргізілетін болады.