3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ОРАЙ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Жедел құтқару жасағы өкілдерімен бірлесе қаладағы Самал-3 шағынауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда құтқарушылар суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын көрсетті.Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.

Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.

Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

• Қоршау белгісінен әрі жүзуге!

• Тыйым салынған орындарда суға түсуге!

• Балаларды қараусыз қалдыруға!

• Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!

• Суда ойнауға!

• Жалған айқай, қатер белгісін беруге!

• Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!

• Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!

• Тамақ ішкен бойда суға түсуге!

• Таныс емес жерге сүңгуге!

• Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!

• Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

• Суға абайлап түс.

• Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.

• Жалғыз шомылмауға тырыс.

• Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.

• Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.

• Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.

🔷 Сондай-ақ тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛУДЕ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА АҚТӨБЕЛІК АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру