Бүгін Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өтті. Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында кәсіпорындардың капиталы маңызды экономикалық категория ретінде қарастырылып, бухгалтерлік есептің салыстырмалы түрде алғандағы жаңа объектілерінің бірі болып отыр. Кәсіпорынның меншікті капиталының негізін оның құрылтай құжаттарында тіркелген жарғылық капиталы құрайды. Жарғылық капитал кез келген заңды тұлғаның өз қызметін жүзеге асыруындағы қажетті шарттардың бірі болып табылады. Кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату. Жиында екі елге ортақ келісім орнатылды. Өңірдің бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов пен Генуя қаласы мэрінің жаңа кәсіпорындар құру бойынша кеңесшісі Давид Фалтери мырза екі жақсы меморандумға қол қойылып, бауырлас қалалар болып бекіді. — Республикалық қала мәртебесіне ие болған Шымкент қаласы мен Италия Республикасының жетекші қалаларының арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың дамуы екі ел арасындағы ынтымақтастығына зор үлес қосады деп үміттенемін. Сонымен қатар, алдағы уақытта Генуя қаласымен стратегиялық жоспарларымыз, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобаларымыз жаңа белеске көтерілетініне сенімдімін, — деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Генуя – Италиядағы өнеркәсібі дамыған ірі портты қаланың бірі. Сондай-ақ, ғылыми орталықтар мен университеттердің ордасы. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі