9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНДЕРІНЕН ЖЫЛЫНА 17 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

🔷 Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған. Бұл көмек түрлері кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырып, мегаполисте жылыжай шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады.

Үй жылыжайы үшін жылу жүйесінің мағынасын бағалау қиын. Жылу жүйесінің әрбір түрінде  өзінің артықшылықтары да, кемшіліктері де болады.Ақылды жылыжайды автоматтандыруда ішіндегі және сыртындағы температураны, топырақтың ылғалдылығы мен жарықтануын өлшейтін әр түрлі датчиктер орналасқан. Ардуино көмегімен пайдаланушылар қашықтықтан басқарылатын көптеген құрылғыларды оңай жасайды. Сол құрылғылардың біріне қызықты, әрі күрделі біздің «Автоматтандырылған жылыжай» жүйесін жатқызуға болады. Автоматтандырылған жылыжай көптеген бағбандардың еңбектерін максималды түрде жеңілдетеді.Бұл жұмыста «Ақылды жылыжай» құруда ардуина жұмысын арттырып, ылғалдылық пен температураның жұмыстарын жүргізу тиiмдiлiгi aнықтaлған. Зерттеу жұмысы нәтижесінде ардуина құралдарын байланыстыра отырып, Python бағдарламасы көмегімен арнайы ылғалды, температураны өлшеуге арналған бағдарлама жасалды. Үй жағдайында ардуинаны пайдалануға тиімді әдістермен жұмыс жүргізілді.

🔷 Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудалануда. Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Онда 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ АБЗАЛ ЖАН

smarttop

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

smarttop

Пікір қалдыру