16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

🔷 Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын аумақтарға 13 ауыз су бұрқағы орнатылды. Заманауи қондырғылар композициялық мәрмәр тастан жасалған әрі арнайы сүзгі орнатылған. 🔷 Ауыз су бұрқақтары сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес қондырылды. Су құбыры жүргізіліп, орталық сумен жабдықтау желілеріне қосылған және арнайы су өлшегіш құралы орнатылған. Ауыз су бұрқағы көктем-жаз мезгілдерінде пайдаланылатын болады. Күзгі- қысқы мерзімде су бұрқақтарына орталық құбырдан ысырма арқылы су беру тоқтатылады.Олар Мәделі қожа — Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі. Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады. Ал, 2021 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.

Алдағы уақытта ауыз су бұрқақтарын күтіп-ұстау жұмыстары «Тұран» КММ-нің тарапынан жүргізілетін болады. 🔷 Су бұрқақтар орнатылған орындар: 1. Мәделі қожа және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында – 2 дана 2. Байтұрсынов және Бекбосынов көшелерінің қиылысында – 1дана 3. Байтұрсынов және Жандосов көшелерінің қиылысында – 1 данаМомышұлы даңғылы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1 дана 4. Момышұлы және Республика даңғылы қиылысында – 1 дана 5. Дулати және Рысқұлов көшелерінің қиылысында – 1 дана 6. Темірлан тас жолы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1 дана 7. Республика даңғылы және Асқаров көшесі қиылысында – 2 дана 8. Темірлан тас жолы және Қожанов көшесі қиылысында – 1 дана 9. Темірлан тас жолы және Темірқазық көшесі қиылысында – 1 дана 10. Темірлан тас жолы және Мангельдин көшесі қиылысында – 1 дана 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!

Ұқсас ақпараттар

ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРАМЫ  КЕҢЕЮДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН: «КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА» ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

smarttop

ЕҢБЕКТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

smarttop

Пікір қалдыру