9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

🔷 Шымкенттегі «Қамқорлық» №8 балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінгі күні 100-ге жуық бала қызмет алуда. Орталықта аутизм және аутистік спекторының бұзылыстары бар балаларға түзету-дамыту, қоғамға бейімдеу және әлеуметік оңалту шаралары көрсетіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мамандардың айтуынша, арнайы педагог мамандардың жеке және топтық жұмыстарының нәтижесінде балалардың визуалды қабылдауы, қарапайым қимыл-қозғалыстары мен дағдыларында оң өзгерістер байқалады. Логопедиялық жұмыстар жүргізу арқылы артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балалар дыбыстар мен жеке сөздерді анық айта бастаған. 🔷 Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметік қорғау басқармасына қарасты 110 орынға есептелген мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника және лего-бөлмелері, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген. Оңалту орталығында 11 топ – құлақ және тіл мүкістігі бар, дамуы тежелген балалармен тығыз байланыса жұмыс істейді.  «Оңалту орталықтарының құры­лы­сы өңірлердің, оның ішінде шал­ғайдағы елді мекендердің тұрғын­дарының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер алуына жағдай жасайды. Мүгедектігі бар мыңдаған адам денсаулығын нығайтып, жағдайын жақсарта алады. Сондықтан бұл жобаларды іске асыру жергілікті және орталық органдар өкілдерінің ерекше бақылауында болуға тиіс», деді Премьер-министр орынбасарының міндетін атқарушы Алтай Көлгінов оңалту орталықтарының құрылыс барысы талқыланған арнайы кеңес­те. Бес қабатты ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылдың тамыз айына дейін аяқталады деп күтілуде.🔷 Мұнда балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға логомассаж тағайындалады. Сондай-ақ, балалармен аптасына 2 күн жеке жұмыс жүргізіледі. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Аялы алақан» орталығы

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАР БАСТАЙДЫ

smarttop

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру