19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА АЛТЫН СЫЙЛАДЫ

🔷 Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады. Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады. 🔷 Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жолаушылар көлігін дамытудың кезекті жұмыстары қалай атқарылмақ?

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

smarttop

Пікір қалдыру