0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚҰРСАЙДА БИЫЛ 6 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

🔷 Құрсай шағын ауданы Тұран ауданындағы ең өзекті шағын ауданның бірі. Мұнда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады.
Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген.

Өткен жылы ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған 13 жобаға 2,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылған. Сондай-ақ, баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд теңге субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенге жеңілдетілген тарифпен ауыз су берілді. Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.

Ауызсу тапшылығын көріп отырған шалғайдағы ауылдарға тіршілік көзін жеткізіп беру мәселесі Оңтүстік Қазақстан облысында да оң шешімін тауып келеді. Бүгінде өңірдегі 600-ден астам елді мекенге таза су жүйесі тартылған. Соның арқасында қазір оңтүстіктегі қала халқының 91 пайызы, ал ауыл жұртының 71 пайызы мөлдір тұщы суды тұтынып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер арасында ОҚО төртінші орында тұр.Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады.
Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ.
Айта кетейік, 2023 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға берілетін болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БІР АЙЛЫҚ ЖАҢБЫР БІР КҮНДЕ ЖАУДЫ

smarttop

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН 1900 ПӘТЕР САТЫП АЛУҒА БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру