13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСЕДІ

🔷 Бүгін қала әкімі М. Әйтенов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Ниязходжаевты қабылдады. Тараптар алдағы уақытта туризм, сауда-саттық, өнеркәсіп, мәдениет салаларында екі жаққа да тиімді болатын маңызды жобаларды талқылады. М.Дүйсенбекұлы Ташкенттің турист тартудағы оңды тәжірибесінің тиімділігін атап өтіп, болашақта мегаполистің туризм бағытын дамытуда әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

🔷 Шымкент-Ташкент бағыттарындағы көрікті орындар бойынша жаңа туристік бағыттарды жолға қоюды ұсынды. Өзбекстан тарапы Шымкенттік делегацияны алдағы уақытта Ташкент қаласында өтетін халықаралық қолөнершілер көрмесіне шақырды.
Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды саласы өзара сауда-саттық болып табылады.

🔷 Еліміздің негізгі экспорттық өнімдері — азық-түлік тауарлары, металдар, энергия тасымалдаушылар, ірі қара мал, мұнай өнімдері, химиялық өнімдер және құрылыс материалдары болып табылады. Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, қара және түсті металдарды, машиналарды, химиялық өнімдер мен құрылыс материалдарын жеткізеді.
Тараптар арасында көлік саласындағы ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Бұл өз кезегінде туристік саладағы байланыстың жаңа перспективаларына жол ашады. Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда да жаңа бастамалар бар.

Соның ішінде Шымкент қаласы 1 миллионнан астам халқы бар, инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның үшінші мегаполисі және экономикалық ірі қалаларының бірі. Бүгінде қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтуде. Мемлекет шетелдік инвесторларды құқықтық қорғау үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. Осы орайда шетелдік компаниялардың қаламыздың дамуына үлес қосуы құпталады.
Сондықтан бүгінгі кездесу сындарлы ынтымақтастықты дамытады және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындалады деп сенеміз.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛЖЕТКІЗДІ

smarttop

УЧИТЕЛЯ ШКОЛЫ ВСТРЕТИЛИСЬ НА ЗЕЛЕНОЙ ПЛОЩАДКЕ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛСІН!»

smarttop

Пікір қалдыру