🔷 Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023ж. бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі. Тұрғын үй мәселесі қай кезде де өзекті. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» дегендей, үй баспанасыз жанның басты мұңына айналады. Дей тұрғанмен, бүгінгі таңда ел тұрғындары үшін баспаналы болудың мүмкіндіктері көп. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез-келген азаматқа өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.
🔷 «Шаңырақ»
бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.
🔷 Нысандар «Шымкент қаласы,»Тұран» шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.
🔷 Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.
Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..
Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..
🔷 Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
🔷 Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі