Бүгін қала бойынша әрбір аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оның ішінде Әл-Фараби ауданы ерекше белсенділікпен көзге түсті, Атап айтқанда, тазалық жұмыстарына кәсіпкерлер тартылып, тұрғын үй аулалары мен кәсіпкерлік нысандарды айнадай етіп тазартуға қолдау танытты.
Сондай-ақ, тазалық шараларынан ірі сауда орталықтары, базар иелері де қалыс қалған жоқ.
Аудан әкімі аппараттының қызметкерлерімен бірге «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелерінің жұмысшылары ,Теріскей шағын ауданы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, «Шымкент» ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады. Сенбілік-тазалық кепілі. Сенбіліктің басты мақсаты — аудан көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Аудан орталығы Шонжы ауылдық округінде, ауылды қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысты. Әлі де мұндай шаралар жалғасын таппақ. Сенбілікке қатысқан барлық белсенділерге алғысымызды білдіреміз!Шара барысында айыр, күрек, кетпен асынған тұрғындар саябақ маңайын арам шөптерден тазалап, тал-теректерді әктеді. Сынған бұтақтарды жинап, күл-қоқыстарды жүк көлігіне тиеді.
Сенбіліктің мақсаты — жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.
Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Жалпы қаланың тазалығы, әрбір ауланы мұнтаздай етіп таза ұстау әрбір тұрғынныңы мәдениеті екенін естеріңізге саламыз!
Ең әдемі қала – бұл ең таза қала!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі