3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫ: 310 КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНАН ӨТТІ

🔷 Шымкент қаласы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған.
2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда.

🔷 Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. Үкімет қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар.Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің салынуы және берілетін мерзіміне дейін тексерістік жұмыстар жүргізіледі.Пәтерлердің 1,2,3 бөлмелі болып салынуында қатты қадағаланғанын талап етті. Қала әкімі құрылыс алаңында болып  бірнеше тапсырма беріп өтті. Ол тапсырмалардың барлығын осы айда бітіруін  қолға алуын сұрады.
«Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.

🔷 Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде.

Олар:

1.«ЖилСтройСервис» ЖШС (тел: 87752689139)

2. «NUR-D» ЖШС (тел: 87479020097)

3. «KazConstraction Service» ЖШС (тел; 87755108248)

4. «Еркин» ЖК (тел: 87789922183)

5. «Сержан» ЖК (тел: 87751613293)

6. «ТеплоСервис» ЖШС (тел 87026892130)

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖӘНЕ ЖАС АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА 22 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру