0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ КӨППӘТЕРЛІ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ЖӘНЕ 21 ТҰРҒЫН ҮЙ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

🔷 Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасы бойынша жыл сайын тұрғындардың келісімімен көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтеді. Көп қабатты тұрғын үйлерді кұрделі жөндеу ҚР Үкіметінің Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолданылады.
Тұрғын үй қорын модернизация бағдарламасының мақсаты – Шымкент қаласындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру ортасын жаңарту және қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасау.

🔷 Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Күншығыс шағын ауданы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Ә.Жангельдин көшесі №16, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, А.Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатыры толығымен ауыстырылды. Мұндан бөлек Ғ.Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері жаңартылуда. Аталған тұрғын үйлердің сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын жөндеуден өткізу көзделген.

🔷 Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. 2022 жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.

🔷 Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

250-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

smarttop

ОТБАСЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕ АЛҒАН КІМДЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ

smarttop

«Бақытты мекен» жобасы аясында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

Пікір қалдыру