🔷 Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 39 аулаға балалар ойын алаңшасын және ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын.
Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшаларын, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен «ШымкентСпецКомплекс» және «Арнаулыавтокөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер айналысады. Мекемелер тарапынан кестеге сәйкес, тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда тәулігіне 2 реттен қоқыстар тұрақты түрде тазартылуда.
өндірістік қоғамның дамуының негізі ретінде артықшылыққа ие. Сондықтан алғашқы кезекте инфрақұрылымдық мәселелерді шешкен дұрыс.
🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы Володарский көшесі №2А тұрғын үйінің ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Су жаңа спорт алаңшасы салынғалы тұрғындардың да көңіл-күйлері көтеріңкі. Мегаполис басшысы жергілікті халықпен жүздесу барысында спорт алаңшаларын күтіп ұстауға кеңес беріп, бұл нысан елдің ортақ игілігі екенін ұғындырып өтті. Спорт алаңшалары сапаға сәйкес заманауи үлгіде, балалардың шаттана ойын ойнауына қолайлы етіп жасалған.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі