3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ІРІ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔷 Қаламыздағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Айналмажолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді.

🔷 Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі салынған.

🔷 Сондай-ақ қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен де танысты. Нысанның 2-кезеңі -Түркістан көшесінен Терешков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы — 1,7 шақырым, көшенің ені 42 метр. Жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 30%.

Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде. Өткен жылы ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған 13 жобаға 2,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылған. Сондай-ақ, баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд теңге субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенге жеңілдетілген тарифпен ауыз су берілді. Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.

🔷 2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.

🔷 Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.

Құрылыстың 3-кезеңі Темір жолмен қиылыс құрылысының басынан Дамбовая көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 0,561 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты.
Нысанның 5 –кезеңі Бадам өзеніндегі көпірден Сауле шағынауданындағы Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Жұмыстардың орындалуы 30%.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Шымкент: Бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

smarttop

Ресейден Тәжікстанға бара жатқан ауыр жүк көлігі жүгімен бірге өртеніп кетті

smarttop

ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру