3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 160 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

🔷 Шымкентте биыл бюджет есебінен 160 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым, 43 әлеуметтік нысандар бар және жыл соңына дейін 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Сәуір айында Тұран шағын ауданында 54 пәтер көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

🔷 Сондай-ақ нарықтан қосымша 1 405 арендалық пәтер сатып алынады. Оның 900-і жұмыс істейтін жастарға, 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда жастарға 420, ал, аз қамтылғандарға 363 пәтер алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.

Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосымша 155 гектарға, ал, Шымкент сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 гектарға кеңейтілген. Сонымен қатар қазір Шымкентте тамақ өнеркәсібіне бағытталған «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалды аймақтарының тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттарын әзірледі. Бұл индустриалды аймақтардың инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен тікелей қаржы тарту және осы аймақтарға «республикалық индустриалды аймақ» мәртебесін беруге жол ашады. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адам.
Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам.

🔷 Жыл соңына дейін 18 инфрақұрылым нысанының 12-сі пайдалануға беріледі. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.

🔷 Сонымен қатар осы жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып, ел иігілігіне берілді. Тағы 1 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету

smarttop

ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру