🔷 Шымкентте 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді. Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар 122,8%-ға орындалды. Алайда Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады.Министр жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспарлар жеткізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген жол карталарын бекіткенін атап өтті. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жеке құрылысты дамыту үшін 2021-2025 жылдарға жеке тұрғын үй салу үшін берілетін 235 мың жер учаскесін инженерлік коммуникациялармен қамту жоспарланған.
🔷 Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында«2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде несие беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
🔷 P.S.: Өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі