16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БРОНХОПЛАСТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ

Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының профессоры, РҒА академигі Е.В.Левченконың қатысуымен бронхопластикалық операциялар бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.

🔷 Жоғары технологиялық операцияның тиімділігі зор. Ота кезінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастарда қатерлі ісік тек алынып қана қоймай, өкпені сақтап қалуға да мүмкіндік туындайды.

Бронхопластикалық операциялар-техникалық жағынан күрделі және кеуде хирургынан жоғары кәсібилікті талап ететін, ауаның еркін өтуі үшін бронхтардағы кедергілерді жоюға, қалыптасқан ақауларды жабуға және ісіктерді емдеуде жұмыс істейтін тіндердің көлемін барынша сақтауға арналған реконструктивті-пластикалық хирургиялық араласулар. Бұл операция көлемін азайтуға және пациент кеңірек резекцияларға шыдай алмайтын жағдайларда хирургиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ бірқатар жағдайларда өкпені алып тастаудан (пневмоэктомия) бас тартуға мүмкіндік береді, тек жеке лобтарды резекциялаумен (лобэктомия) шектеледі.

🔷 Күрделі операциялар осыған дейін шет мемлекеттерде жасалып келген. Мұндай оталар пациентті онкологиялық аурулардан айықтырып қана қоймай, түрлі асқыныстарды алдын алып, белсенділігін аз уақытта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

🔷 Шеберлік сабағы аясында озық технологияларға негізделген оталар үш науқасқа жасалды. Ресейлік профессордың нұсқауымен жергілікті мамандардар оталарды сәтті жасап шықты.

🔷 Бүгінде орталық мамандары онкологиялық дертпен күресте, заманауи талапқа сай хирургиялық көмектерді көрсетуде әлемдік деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен әріптестік байланысты нығайтқан.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

ДЕПАРТАМЕНТ 2022 ЖЫЛЫ 96 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру