1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СҮТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сүтті мал шаруашылығын дамыту арқылы сүт өнімдерін көбейту мақсатында ұйымдастырылған семинарға қатысты.

Семинар барысында қала басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықты агроөнімдермен қамтып отырған шаруаларға алғысын білдірді.

«Ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысамын деген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие мен инвестиция, қайта өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы бағыттарында субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, саланы ары қарай дамытуға, қала халқын сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге және де өнімдердің экспортын арттыруға шақырамын», – деді қала әкімі.

Жиында кәсіпкерлер мен жеке қосалқы шаруашылық иелері кластерлік жобаларды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру тетіктерін қарастырды. Сондай-ақ шет елдерден әкелінген сүтті және сүтті-етті ірі қара малдың күтімі, сүтті мал шаруашылығын дамыту тақырыптарында пікір алмасты. Семинар аясында мал шаруашылығы өнімдері мен құрал жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қала аумағындағы егістік көлемі 30,1 мың гектарға жетті. Ал 81 елді мекенде 157 мыңға жуық мал басы және 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар. Қазіргі таңда 3 мыңнан аса шаруа қожалығы және 86 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы құрылып, бүгінде инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

«МЕН АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

smarttop

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ 95% АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру