5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе қаралды. Жиында жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен азаматтардан түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу барысы талқыланды.

Бүгінде қала аумағында 14—35 жас аралығында 381 796 жас бар, жалпы тұрғындардың 32%-ын құрайды. Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінде құқықбұзушылық және нашақорлықпен лудоманияның алдын алу бойынша мәселелер қаралып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес қаладағы жастар арасында құмар ойындардың зияндығын насихаттау үшін жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп қабырғаларында алдын алу шаралары ұдайы жүргізілуде.

Қала әкімдігі мен Полиция департаменті қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырып отыр.
Қала әкімі жауаптыларға Полиция департаментімен бірлесіп, жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ бұқара халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін жеткізді. Сала басшысы мен аудан әкімдеріне қала аумағындағы жылу жүйелерінің жұмысын бақылауда ұстауды ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫНАР- ҮЗДІК ЖАС МАМАНЫ

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

smarttop

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАЛАЛЫҚ ДЕНДРОСАЯБАҚТЫҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру