4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Қазақстан алғаш рет «орта державалар» тізіміне енді

Германияның «Ғылым және саясат қоры» ғылыми-талдау орталығы (SWP) «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды актерлер» атты көлемді мақалалар  жинағын шығарды. Мақалада Қазақстан «орта державалар» тізіміне енгені айтылған, — деп хабарлайды Qazaqstan.tv

SWP сарапшылары талдауына сәйкес, тізімге Қазақстанмен қатар, Түркия, Израиль және Үндістан сияқты мемлекеттер кірген. Еліміз «орта державалар» тізіміне алғаш рет еніп отыр.

SWP пікірінше, еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің ерекше сыртқы саясатымен көзге түсіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Батыс елдері және Қытаймен, әсіресе шикізат секторында экономикалық қатынасын тұрақты дамытып келеді.

Сарапшылар Қазақстан халықаралық саясаттағы амбициясын ертебастан жүзеге асыра алғанын мойындаған. Талдау орталығы сондай-ақ, республикамыз «шығыс пен батыс арасындағы көпір» ретіндегі геосаяси әрі тарихи рөлін нығайтқанын атап көрсеткен.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру