22.3 C
Шымкент
Пятница, 25 июля, 2025
Smarttop.kz

ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы лауазымына Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы тағайындалды.
🔷 Әбілқайыр Бақытқалиұлы 1994 жылы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген.
🔷 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және КАЗГЮУ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономика және бизнес, құқықтану.
🔷 Еңбек жолын 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы қызметінен бастаған. Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2 дана LED-экранды орнату үшін қала аумағынан жер учаскелері бөлініп, мемлекеттік актілер алынды. LED-экрандар жыл соңына дейін орнатылады.
Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны іргесінен қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша объектілер құрылысын салу үшін бөлінген 20 га жер телімін «Waste2Energy» ЖШС-нің атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу полигоны үшін Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанынан ауданы 26 га жер телімі бөлінді. Аталған жер телімін «МПЗ GreenLine» ЖШС-і атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
🔷 2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, 2018-2023 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
🔷 2023 жылдың 13 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөзі

Ұқсас ақпараттар

«SUMMER CAMP-2024» ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

smarttop

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ШЫМКЕНТТЕ 552 ОТБАСЫНА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

smarttop

ҚАЛАДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру