0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

🔷 Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала тұрғындары табиғи апатқа бей-жай қарамай, халыққа көмек қолын созуда.
🔷 Қала аумағында гуманитарлық көмек бірнеше орынға жиналады. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қабылдау пункті жұмысын бастаған болатын. Ақтөбе облысының Ойыл ауданына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. Арнайы көліктер зардап шеккендерге азық-түлік, төсек-орын, киім-кешек сияқты бірінші қажеттіліктерден құралған 10 тонна жүк жеткізген.
Қазіргі уақытта Қазақстанның бірнеше облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар 100 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Мәселен төтенше жағдай жарияланған қалалар мен аудандарда 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), сол көмекті алуға мемлекеттік органдарға жүгінбесе де, автоматты түрде тағайындалды. Еске салайық, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтар үшін АӘК және т.б. жеңілдіктер проактивті форматта ұзартылып отырады. 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балалардың да мүгедектігін қайта растау мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Олардың бәріне мүгедектік тобына байланысты тиісті жәрдемақы тағайындалып отырады. Сондай-ақ дереккөз ақпараты бойынша, зардап шеккен аймақтардан 96 мүгедектігі бар адам эвакуацияланған.
🔷 Екінші пункт қалалық Қазақстан халқы ассамблеясында ашылды. Ассамблея өкілдері 20 тоннаға жуық гуманитарлық жүктің алғашқы партиясын Атырау облысына жөнелтті.
🔷 Бүгін Ассамблея мүшелері Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді. Сондай-ақ, шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған арнайы банк шотына қаржы аударады. Гуманитарлық көмекті жинау белсенді түрде жалғасуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

СЕНБІЛІКТЕ 5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛДІ

smarttop

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру