16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕГІ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АЙМАҚТАР ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Шымкентте Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудандары бойынша су басқан бірнеше көшелерде су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Жауын-шашынның салдарынан және жер асты сулары көтеріліп, жоғарыда айтылған мекенжайларды су басу қауіпі анықталған. Осыған байланысты шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған аймақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылап шықты.
Қала әкімі аудан басшыларына жағдайды үнемі бақылауда ұстап, аталған нүктелерде су тарту жұмыстарын дер кезінде жүргізіп отыруды тапсырды.Осы орайда облыстардағы тиісті мекемелер барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, қауіпті аймақтарды қатаң бақылауға алуда. Тасқынға қарсы күреске қажетті материалдар жеткілікті деңгейде жинақталған. Елді мекендерді су басқан жағдайда тұрғындарды көшіру, олардың өзге де қажеттіліктерін өтеу мәселелері де басты назарда тұр. Облыстардан келіп түскен ақпараттарға қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.  Жауын-шашынның әсерінен пайда болатын қауіпті алдын алу шаралары басталып кетті. Сондада қала тұрғындарына хабарландыру арқылы сақтануларын сұрады.
Қазіргі уақытта мердігер мекемелер мен сала мамандары тарапынан тиісті жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Атап айтқанда, су тарту жұмыстарына Абай ауданы бойынша 15 техника, 3 мотопомпа, 30 жұмысшы, Әл-Фараби ауданы бойынша 9 техника, 5 мотопомпа, 25 жұмысшы, Еңбекші ауданы бойынша 7 техника, 4 мотопомпа, 1 электронасос, 30 жұмысшы жұмылдырылып отыр.
Кезекшілікпен арнайы бригадалар қойылған. Тұрғын үйлерді су басу қауіпі жоқ.
Қаладағы жағдай шаһар басшысы мен тиісті сала мамандарының тікелей бақылауында.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

“ОРДА” ҚҰРАМАСЫ БӘРІНЕН ОЗДЫ

smarttop

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ»

smarttop

Пікір қалдыру